Қыр 23, 2016 09:21 Asia/Almaty
  • Рухани Иранның лаңкестікпен күресте Иракты жан-жақты қолдайтынын қуаттады

ИИР президенті Иранның Иракта толық тұрақтылық пен қауіпсіздік орнауы үшін еш көмегін аямайтынын қуаттады.

Хасан Рухани  сәрсенбі күні түстен кейін Нью- Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 71- ші отырысы аясында Ирак үкіметінің басшысы Хайдер әл- Абадиды қабылдауында осы елде толық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнатылуының маңыздылығын қуаттап, Теһранның Ирак үкіметі, армиясы және Хашда әл- Шағбиді қолдауының негізгі мақсаты осы елдің халқын ДАИШ лаңкестерінің қолынан азат ету деп атап: "Иран әрдайым, әсіресе өткен айлардағы шарықтау мен құлдырауларда Ирак халқы мен үкіметінің жанынан табылды. Соңына дейін осы елдің халқын қолдауын жалғастырады" деді.

ИИР президенті сөзінің жалғасында Иран мен Ирак байланысының барлық негіздерде күн санап кеңейіп келе жатқанынан ризалық білдіріп, екі ел арасында банк саласындағы ынтымақтастықтарды күшейтуді де қуаттап, Теһранның Бағдадапен жан- жақты байланысты кеңейтуге ынталы екендігін мәлімдеді.

Ирак үкіметінің басшысы да осы кездесуде Теһран- Бағдад қарым- қатынасын стратегиялық және ортақ әрі аймақтық мүдделерге ие деп бағалады.

Хайдер әл- Абади Иранның лаңкестікпен күрес негізіндегі Иракпен ынтымақтастығына сілтеме жасап: "Бүгінде мыңдаған халықтық күш ДАИШ-пен шайқасып жатыр. Осы лаңкестік топ Ирактағы белсенділігінің соңғы кезеңдерін бастан өткеруде" деді.

 

Тегтер