Иордан өзенінің батыс жағалауында бір палестиналық қаза тапты
(last modified Sat, 01 Oct 2016 08:58:27 GMT )
Қаз 01, 2016 14:58 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауында бір палестиналық қаза тапты

Сионист әскерилер тағы бір палестиналықты Иордан өзенінің батыс жағалауында оқ атып өлтірді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл палестиналық жұма күні  Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Каландия қаласында сионистік режимнің бұрынғы Президенті Шимон Пересті жерлеу рәсімін өткізуге қатысты қауіпсіздік шаралары барысында израильдік күштерге шабуыл жасауды көздеді деген сылтаумен өлтірілді.

Сонымен қатар Хамас қозғалысының әскери тармағы Изз ад-Дин ал-Қассам батальондарының мүшесі палестиналық Ахмад Асад Иса Мит жұма күні кешке сионистік режимнің Газаның солтүстігінде орналасқан Бейт-Ханунға шабуылы кезінен қалған  бір бомбаны залалсыздандыру барысында шәһид болды.

Палестиналық ақпарат көздері Қассам батальондарының бұл мүшесінің израильдік бомбадан таралған улы газбен тыныстауы салдарынан қаза болғанын жариялады.

Палестинадан келген келесі бір хабар бойынша, сионистер Газа секторының орталық бөлігіндегі «әл-Беридж» қосынының солтүстік аудандарын атқылап, 5 палестиналықты жарақаттаған.  

Тегтер