Ирак Сыртқы істер министрлігі Түркия Президентінің жуырдағы сөздеріне реакция білдірді
Ирактың СІМ Мосулдағы ДАИШ лаңкестік тобымен соғыстың Түркияның қатысуынсыз өтетінін мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирак СІМ кеше, дүйсенбі күнгі өз мәлімдемесінде Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның өз елі әскерилерінің Мосулды азат ету амалдарына қатысатыны туралы жуырдағы сөздеріне реакция білдіріп, ешбір жағдайда Түркия әскери күштерінің Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосулдағы соғысқа қатыспайтынын мәлімдеп: «Бағдад Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Мосулдағы соғыс туралы сөздерін Ирактың ішкі ісіне ашық түрде араласу және екіжақты қарым-қатынас принциптеріне көңіл аудармау деп санайды. Егер Түркия үкіметі ниетінің ізгі екенін, лаңкестікпен күрестегі өзінің шынайылығын көрсеткісі келсе, Ирак үкіметінің даиштік лаңкестікпен күрестегі талпыныстарын қолдасын»,-деп қуаттады.
Түркия өзінің жүздеген әскериін 2015 жылдың аяғынан осы күнге дейін күрдтердің «Пишмарге» күштерін лаңкестермен күресуге үйрету сылтауымен Нейнава облысының орталығы Мосулдың солтүстігіндегі Башика базасында заңсыз түрде орналастырып отыр.