Түркия елшісі Ирак СІМ-не шақырылды
(last modified Wed, 05 Oct 2016 15:23:51 GMT )
Қаз 05, 2016 21:23 Asia/Almaty
  • Түркия елшісі Ирак СІМ-не шақырылды

Ирак СІМ Түркияның өз күштерінің Ирак жеріне шапқыншылығын жалғастыру жөніндегі шешіміне наразылық білдіріп, Бағдадтағы Анкара елшісін шақырды.

Ирак СІМ-нің ақпарат хатшысы Ахмад Джамал: «Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның Ирактың солтүстігіндегі түрік әскерилердің бір жылдық құзырын ұзарту және осы күштердің Мосулды азат ету қимылдарына қатысуы негізіндегі сөздерінен кейін осы министрлік Бағдадтағы Түркия елшісін шақырды» деп мәлімдеді.

Ирак СІМ Бағдадтағы Түркия елшісіне наразылық нотасын тапсырып, Түркиядан осы ел күштерінің Ирак жерінен дереу шығуын талап етті.

Түркия СІМ де Анкарадағы Ирак елшісі Хешам Алавиді түрік күштерінің Ирак жеріндегі миссиясын ұзартуға қарсылық негізіндегі парламенттің дауысы жөнінде шақырды.

Түркия 2015 жылдың аяқ шенінен өз армиясының жүздеген күшін Ирактың орталық үкіметімен үйлесімділік жасамай, Ирак жерлерінің 100 шақырым тереңдігінде Мосулдің солтүстігінде «Башиқе» базасына орналастырды. Бұл шамамен бір жыл өтсе де Ирактың солтүстігінің осы аймағында жалғасуда.

 

 

Тегтер