Сауд әулетінің экономикалық саясаты сол ел халқының ашуына себеп болып отыр
(last modified Wed, 05 Oct 2016 16:05:27 GMT )
Қаз 05, 2016 22:05 Asia/Almaty
  • Сауд әулетінің экономикалық саясаты сол ел халқының ашуына себеп болып отыр

Сауд әулеті режимінің қызметкерлердің жалақысын азайту негізіндегі экономикалық саясаты Сауд Арабиясы халқының ашуын тудырып отыр.

Сауд Арабиясының патшасы Салман Бен Абдолазиздің қызметкерлер мен жұмысшылардың айлық- жалақысын азайту негізіндегі экономикалық саясатына байланысты осы елдің қоғамдық пікірін ашу-ыза мен наразылық билеп, халық Саудия ханзадаларының қомақты кірістерін азайтуды талап етуде.

Саудия ханзадаларының жалақы мөлшері туралы мәлімет жарияланған жоқ. Бұл мәселе сарайдың құпиясы ретінде жасырын сақталады. Алайда 1996 жылғы дерек бойынша, Саудия патшасының әрбір перзенті 1996 жылы 200-270 000 доллар, немерелері ай сайын шамамен 13 мың доллар алған.

Сауд әулетінің Сауд Арабиясы азаматтарына қарсы кемсітушілік саясаттары мен Сауд Арабиясындағы шығындардың түрлі салада артуы, әсіресе Саудия ханзадаларының ойын-сауыққа қомақты қаржы жұмсауы мен Сирия және Ирактағы жалдамалы лаңкестерге жалақы төлеуі және Сауд әулетінің Йеменге қарсы соғысының үлкен шығыны Эр- Риядты қаржы жағынан түбегейлі түйткілдерге тіреп  отыр.