Түркияда жұмыстан қуылған екі мыңнан астам мұғалім абақтыда отыр
(last modified Mon, 17 Oct 2016 14:58:48 GMT )
Қаз 17, 2016 20:58 Asia/Almaty
  • Түркияда жұмыстан қуылған екі мыңнан астам мұғалім абақтыда отыр

15- ші шілдедегі әскери сәтсіз төңкерістен кейін Түркияның Ұлттық білім министрлігінен қуылған екі мыңнан астам мұғалім абақтыда отыр.

Түркияның «Milliyet» газетінің интернет торабының мәліметі бойынша, Түркияның Ұлттық білім министрі Исмат Сезгин сәтсіз әскери төңкерістен кейін 28163 мұғалімнің төтенше жағдай заңы бойынша Түркияның Ұлттық білім министрлігінен қуылғанын мәлімдеп: «Осы кісілерден 2635 адамның сот мекемесінде айыптары түсіндіріліп, түрмеге қамалған.

156 адам уақытша абақтыда жатыр. 2237 адам шартты түрде босатылғанымен, сот қайраткерлері тарапынан бақылауға алынған. 313 кісі қашқын ретінде қудалануда» деді.

Түркияның Ұлттық білім министрі сондай- ақ шамамен 2300 мектеп пен жатақхана және білім кеңсесінің 15- ші шілдедегі әскери төңкерістен кейін жабылғанын хабарлады.