Әл-Абади: Түркияның Ирактан шығудан басқа жолы жоқ
Ирак Премьер-министрі Түркияның ұсыныстарының Ирактың ойындағы деңгейге жетпегенін, сондықтан түрк әскери күштерінің бұл елден шығуы керектігін қуаттады.
Ирактың alsumaria news ақпарат арнасының мәліметі бойынша, Ирак Премьер-министрі Хейдар әл-Абади сейсенбі күні Бағдатта өткен ақпарат отырысында: «Бағдатқа сапар шеккен түркиялық топ ұсыныстарын тапсырған болатын, бірақ олар Ирактың ойындағы деңгейге жеткен жоқ. Түркияның Ирактың ішкі істеріне араласуы қатерлі мәселе. Түрік әскерилерінің бұл елде орналасуын қабылдауға болмайды»,- деп қуаттады.
Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары басқарған түркиялық топ Иракпен арадағы саяси қайшылықтарын шешу үшін дүйсенбі күні Иракқа кірген болатын .
Ирак Премьер-министрі бұл елдің халқының ДАИШ-ке қарсы соғысу ынтасы туралы: «Әрбір азамат Ирак үкіметінің туының астында өз елін азат ету үшін соғыса алады. Мосулдегі қарапайым халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар өтетін арнайы қауіпсіз жолдарды анықтауға бұйрық берілді»,- деді.