Қаз 20, 2016 15:13 Asia/Almaty
  • Алепподан қарусыз содырларды шығару басталды

Ресейдің ақпарат құралдары Алеппоның шығысындағы аудандардың тұрғындары мен қарусыз содырларды белгіленген жолдар арқылы ауқымды түрде шығару жұмыстары басталғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің ақпарат құралдары сәрсенбі күні қаруларын тастаған содырлардың үлкен тобының белгіленген жолдар арқылы Алепподан шығарылғанын хабарлады.

Осы жағдайда соңғы 24 сағатта жергілікті тұрғындардың бір бөлігі де Алеппоның шығысындағы арнайы жолдар арқылы шығарылды.

Сирия армиясы тұрғындар мен қарусыз содырларды Алепподан шығаруды жеңілдету үшін өзінің бөлімшелерін кері шегіндірді.

Белгіленген екі жол арқылы Алепподан шығарылып жатқан содырлар арнайы автобустармен лаңкестер мен наразылардың бақылауындағы Идлиб аймағына жеткізіледі.

Ал бұл жағдайда Ресей: «Бейсенбі күні Алеппо аймағында жарияланған атысты тоқтату бітімі 8 сағаттан 11 сағатқа ұзартылып, сағат 17:00 дейін жалғасады»,-деп хабарлады.    

Тегтер