Қаз 22, 2016 14:03 Asia/Almaty
  • «Ән-Носрат» майданы мен «Ахрар әш-Шам» тобы Алеппо халқына гуманитарлық көмек көрсетуге кедергі келтіріп отыр

РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Ән-Носрат» майданы мен «Ахрар әш-Шам» тобының күштері Алеппоға гуманитарлық көмек көрсетуге кедергі келтіріп отыр»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, РФ Сыртқы істер министрі   жұма күні баспасөз конференциясында Мәскеу мен Дамасктың Алеппоның жағдайын жақсартуға бағытталған ізгі талпыныстарына тоқталып: «Ән-Носрат» майданы мен «Ахрар әш-Шам» тобы Алепподан шығудан бас тартып отыр»,-деді.

Лавров: «Ән-Носрат» майданы мен «Ахрар әш-Шам» және басқа да топтар шын мәнінде  Ресей мен Сирия үкіметінің қолдауымен БҰҰ-ның Алеппоның шығысына гуманитарлық көмек жеткізу үшін атқарып жатқан талпыныстарын сәттіздікке ұшыратуда»,-деді.

Ол Алеппоға барар жолда гуманитарлық көмек тиеген керуендерге Сирияға қарсы топтар тарапынан оқ жаудырылып жатқанына тоқталып: «Олар, сондай-ақ, қоқан-лоққы, қысым мен зорлық көрсету арқылы қарапайым азаматтардың Алепподан шығуына кедергі келтіріп отыр»,-деді.

Алепподағы атысты тоқтату бітімі бейсенбі күні таңертең сағат 08:00-де жағдайды жақсартуға көмектесу және тұрғындарды аймақтан шығару мақсатында орнатылып, келесі дүйсенбіге дейін жалғасады.  

Тегтер