Қаз 30, 2016 08:14 Asia/Almaty
  • Сирияның Алеппо мен өзге аймақтарының соғыс алаңдарында шабуылдар жалғасуда

Сирия армиясының бөлімшелері «ән- Носрат» майданына қарасты лаңкестердің Алеппоның оңтүстігі мен батысына және осы қаланың шығысындағы авиация факультетіне жасаған кең ауқымды шабуылдарына төтеп беріп, залалсыздандырды.

Сириялық бір әскери дереккөзі сенбі күні Сирия армиясы мен қарулы күштері бөлімшелерінің лаңкестердің осы аймақтарға жасаған шабуылдарына тойтарыс беріп, көптеген лаңкестің көзін жойып, олардың көліктері мен әскери жабдықтарын да жойғандарын хабарлады.

Сирия қырғи ұшақтары да Алеппоның батысындағы әл- Мансуре және Әбу- Шильм елді мекендеріндегі лаңкестердің бекіністеріне шабуыл жасап, көптеген лаңкестің көзін жойды.

«Alalam» хабар арнасының тілшісі де Алеппоның батысындағы Захие әл- Асад майданында Сирия армиясы күштерінің шабуылында «ән- Носрат майданы» («Фатх әш- Шам») лаңкестік тобының жетекшісі Ахмад әл- Ғасемнің өлтірілгенін хабарлады.

Сирия күштері «ән- Носрат майданы» мүшелері мен «Ахрар әш- Шам» деп аталатын лаңкестік топ мүшелерінің әрекеттерін Солтүстік Хомстың түрлі аймақтарында нысанаға алып, олардың бірқатарының көзін жойды.

 

 

Тегтер