Маусым 26, 2024 22:18 Asia/Almaty
  • Иран: Америка Сириядан толығымен шығуы керек. Терроризммен күресуді сылтауратып, ресурстарды тонау жеткілікті

Иран америкалық әскерлердің Сириядан сөзсіз шығарылуы қажеттігін баса айтты.

Өткен жылдары лаңкестікпен күресу сылтауымен Сириядағы әскери қатысуын сақтап қалған Америка елдің ресурстарын тонауды жалғастыруда.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ-дағы Иранның елшісі әрі тұрақты өкілі Амир Саид Ирвани сейсенбі күні осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Америка күштерінің Сириядан толық, дереу және сөзсіз шығарылуы осы елдің тыныштығы мен тұрақтылығы үшін қажет деп танылды.

Ирвани: «Америкалықтар лаңкестікпен күресудің орнына «Джебхат ан-Нусра» сияқты лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп, Сирия халқының мұнайы мен байлығын талан-таражға салуды жалғастыруда. Америка сияқты кейбір батыс елдері Сириядағы қақтығыстардың созылуына жауапты, өйткені олар осы елдің халқына өз еркін таңуға тырысуда»,-деді.

Әркімнің Сирияның егемендігін, саяси тәуелсіздігін, бірлігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу керектігін баса айтқан Ирвани: «Халықаралық қоғам Сирия халқын заңсыз санкциялардан туындаған лаңкестікпен, шетелдік басқыншылықпен және экономикалық лаңкестікпен күресте жалғыз қалдырмауы керек".

Ол Сириядан барлық заңсыз шетелдік күштердің шығарылуының қажеттілігіне тоқталып: «Иран Израиль режимінің Сирияның егемендігіне қарсы үздіксіз агрессиясын және осы елдің бейбіт тұрғындары мен өмірлік маңызды инфрақұрылымдарын нысанаға алуын қатаң айыптайды. Ол Сириядағы жағдайды саяси жолмен реттеуді жақтайды.

Иран Ислам Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі және тұрақты өкілі: «Саяси үдерістерден бөлек, халықаралық күш-жігер Сирияны қалпына келтіру және босқындар мен ішкі қоныс аударушылардың Сириядағы бастапқы тұрғылықты жерлеріне аман-есен оралуын жеңілдетуге бағытталған".

Тегтер