Қар 04, 2016 09:22 Asia/Almaty
  • Ресейдің әскери мамандары Алеппоға келді

Ресейдің әскери мамандары лаңкестердің химиялық шабуыл нысанасына айналған Сирияның бір аймағында зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Алеппо қаласына келді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Игорь Конашенков: «Өткен күндері Сирия армиясының қорғаныстық алқасынан өтпек болған лаңкестер өз шабуылдарында бірнеше рет химиялық заттарды қолданған. Осы үлгілер Ресейдің химиялық және биологиялық қорғаныс күштерінің ғылыми орталығының зертханасында тексеріледі. Бұл орталық химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы тарапынан расталған» деді.

 

 

Тегтер