ДАИШ Түркияның Диярбакыр аймағындағы жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алды
(last modified Sat, 05 Nov 2016 10:30:36 GMT )
Қар 05, 2016 16:30 Asia/Almaty
  • ДАИШ Түркияның Диярбакыр аймағындағы жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алды

ДАИШ лаңкестік тобы жұма күні Түркияның Диярбакыр аймағында орын алған жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл Түркия қайраткерлері бұдан бұрын Күрдістан жұмысшылары партиясын осы жарылысқа жауапты деп атаған жағдайда орын алды.

Диярбакыр қаласының полиция бөлімшесіне жақын маңында орын алған осы жарылыс 8 адамның қаза болып, жүздеген адамның жаралануына себеп болды.

Диярбакыр жарылысы Түркия полиция қызметкерлерінің осы ел парламентінде Халық демократиялық партиясының 12 өкілін құрықтағаннан бірнеше сағат өткеннен кейін орын алды.

Осындай жағдайда Түркия Сыртқы істер министрі Чавуш Давудоғлы Еуропа одағы елдерінің күрдтерді жақтаушы оппозиционер депутаттарды құрықтау әрекетін сынауын қабылдауға келмейтін әрекет деп атап, бұл одақты Түркияның Күрдістан жұмысшылары партиясын қолдап отыр деп айыптады.

Осы құрықтау әрекеттерінен кейін Германия мен Дания Түркиядағы өз елшілерін шақыртып алды.

Еуропа парламентінің төрағасы Мартин Шульц бұл әрекеттердің Түркия мен Еуропа одағы арасындағы тұрақты қарым-қатынастарды әлсіреткенін айтты. Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини де осы құрықтау әрекеттеріне қатысты алаңдаушылық білдіріп, Түркиядағы осы одақтың дипломаттарымен отырыс өткізуді сұрады.