Қар 07, 2016 15:23 Asia/Almaty
  • Лариджани: Лаңкестік - Израильдің Ислам әлемін әлсірету мақсатындағы құралы

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы лаңкестіктің өрістеуін сонистік режимнің Ислам әлемін әлсірету мақсатындағы құралы деп атады.

Иранның Ислам Мәжілісінің баспасөз қызметінің мәлімдеуі бойынша, Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Теһранда Тунистің Парламент депутаттарының делегациясымен  кездесуінде аймақтағы қазіргі дағдарыстың жалғасуына өкініш білдіріп: "Исламдық мазхабтар мен секталардың арасына іріткі салу АҚШ пен сионистік режимнің мұсылман халықтарды әлсіретуге бағыттаған саясаттарының бірі. Исламдық елдердің қырағылығы бұл қастықты бейтараптандыра алады" деді.

Лариджани ИИР-ның саясатын исламдық елдердің арасындағы бірлікке бағытталғанын айтып: "Кейбір исламдық елдердің аңғырттығы Ислам әлемінде бірлік мен түсіністік орнатуға кедергі болып отыр" деді.

Тунис Парламенті делегациясының төрағасы Мобараке әл-Барахами осы кездесуде Иран мен Тунис арасындағы парламенттік қарым-қатынастарды екі елдің мүдделері шеңберінде кеңейту қажеттігін қуаттаумен қатар: "Батыстың ақпарат құралдары әрдайым Ирандағы жағдайды бұрмалап көрсетіп, Ираннан үркіту, іріткі салу және Ислам әлемінде батыстың саясатын жүзеге асыруды көздеп келеді"деді.

Тунис парламентінің депутаты Арабстанның Йеменге басқыншылығы мен осы елде саудиялық қырғи ұшақтардың шабуылдары салдарынан құрбандар санының артуын сынаумен қатар, Иранның Сирия үкіметі мен халқын қолдауын дәріптеп, Иранды қазіргі қиын жағдайда Сирия халқы мен үкіметін қолдап отырған жалғыз ел деп атады.

 

Тегтер