Рухани Иран мен Оман байланыстарының кеңейетінін қуаттады
Қар 18, 2016 09:49 Asia/Almaty
ИИР президенті Хасан Рухани Оман ұлттық күнінің жетуіне орай Оман патшасы Қабус Бин Сайітке құттықтау жолдауында: Екі елдің байланыстары түрлі негіздерде әрдайым достық сипатта және ілгерілеу үстінде болған деді.
ИИР президенті Хасан Рухани Оманның ұлттық күніне орай Оман патшасы Қабус Бен Саидке жолдаған құттықтауында екі ел байланыстарының түрлі негіздер бойынша әрдайым достық сипатта және ілгерілеу үстінде болғанын мәлімдеп, Иран мен Оманның бірлескен ынтымақтастықтарының саяси және экономикалық негіздерде бұрынғыдан көбірек кеңейе түсуіне үміт білдірді. Рухани жолдауда Оман билігі мен халқына сәттілік пен абырой тіледі. Қарашаның он сегізі Оманның ұлттық күні болып табылады.
Тегтер