Иран Президенті: «Арбағин» рәсімі - илаһи нығметтің көрінісі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i18391
Иран Президенті «арбағин» рәсімінің мәңгілігіктігін илаһи нығметтің көрінісі деп атап: «Мұндай ұлылық пен салтанат имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерінің мазлұмдыққа ұшырауы және имам Хусейн (ғ.с.) жанұясының сол кездегі бұзақылардың алдында сабыр сақтауының нәтижесі»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 22, 2016 15:17 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: «Арбағин» рәсімі - илаһи нығметтің көрінісі

Иран Президенті «арбағин» рәсімінің мәңгілігіктігін илаһи нығметтің көрінісі деп атап: «Мұндай ұлылық пен салтанат имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерінің мазлұмдыққа ұшырауы және имам Хусейн (ғ.с.) жанұясының сол кездегі бұзақылардың алдында сабыр сақтауының нәтижесі»,- деді.

Иран Президенті Хасан Рухани үкіметтің отырысында қарашаның жиырмасы, жексенбі күні өткен имам Хусейн (ғ.с.)-ның миллиондаған ғашығының «арбағин» жаяу жүру рәсіміне қатысуын  өте маңызды оқиға деп бағалап, сол рәсімді өткізуге қатысқандарға алғыс айтты.

Рухани Иран тарихында қысқа мерзімде екі миллионнан астам адамның зияратқа  баруын бұрын-соңды болмаған жайт деп атап, бұл шараны іске асыруға атсалысқан барлық органдарға, соның ішінде Ирак үкіметі мен халқының ынтымақтастығына алғыс айтты.

Иран Президенті барлық мұсылмандардың қатысуымен өткен осы салтанатты рәсімнің исламдық үмбеттің арасындағы исламдық бірлікті кеңейтуге себеп болатындығына үміт білдірді.