Құдста бір палестиналық жас шәһид болды
Сионистік режимнің әскерилері басып алынған Құдс қаласына жақын маңдағы Шаафат өткізу бекетінде бір палестиналық жасқа оқ атып, оны шәһид етті.
"Мехр" ақпарат агенттігінің "Құдс Пресске" сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сионистік режимнің әскерилері осы палестиналық жасқа «қарсыласу амалдарын жасауға талпыныс жасап, осы режимнің сарбаздарына суық қарумен шабуыл жасады» деген сылтаумен оқ атып, шәһид етті.
Палестиналық жас алған жарақаттарының ауырлығы мен әскерилердің оған алғашқы көмектің көрсетілуіне кедергі жасауы салдарынан жан тапсырды.
Палестинаның осы азаматының шәһид болуымен 2015 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Құдс интифазасында шәһид болғандардың саны 265 адамға жетті.