Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы Йеменде тырысқақ ауруының таралуына қатысты ескерту жасады
(last modified Tue, 29 Nov 2016 16:02:19 GMT )
Қар 29, 2016 22:02 Asia/Almaty
  • Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы Йеменде тырысқақ ауруының таралуына қатысты ескерту жасады

Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы Йеменде тырысқақ ауруына шалдығудың 113 фактісінің расталғанын хабарлады.

Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы сондай-ақ Йеменнің 14 облысында тырысқақ ауруын жұқтырған 7 мыңнан астам адамның байқалғанын мәлімдеді. Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы Йеменнің Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰ- ның Балалар қорының (UNICEF) тырысқақ ауруының таралуына тосқауыл қою үшін ынтымақтастық жасап отырғанын қуаттап: «Тырысқақ ауруын жұқтыру көбінесе Йеменнің оңтүстік және оңтүстік-батыстағы облыстарында көзге түседі» деді. Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы осыдан бұрын Йемен облыстарының жартысында тырысқақ ауруының кең таралуы туралы ескерту жасаған болатын.