Түркияның ДАИШ-пен ынтымақтастық жасауына қатысты құжаттар әшкереленді
(last modified Tue, 06 Dec 2016 15:47:13 GMT )
Жел 06, 2016 21:47 Asia/Almaty
  • Түркияның ДАИШ-пен ынтымақтастық жасауына қатысты құжаттар әшкереленді

«WikiLeaks» сайты Түркия президентінің күйеу баласының мұнай импорттау мен экспорттауға қатысты ДАИШ лаңкестік тобымен байланысын әшкереледі.

«WikiLeaks» әшкерелеген құжаттар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның күйеу баласы әрі осы елдің Мұнай министрі Берат Албайрак "Power Trans" мұнай компаниясымен ынтымақтастықта болғанын көрсетеді. Түркия үкіметі ДАИШ лаңкестік тобынан мұнай импорттады деп айыпталып отырған «Power Trans"  компаниясының мұнай импорты мен экспортына кедергі жасамай отыр.