Түркия Премьер-министрі Иран Президентімен кездесті
Иран Президенті: «Иран мен Түркия бір-бірімен әріптесе, үйлесе отырып, ортақ дұшпан - терроризммен күреске баса назар аударып, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың негіздерін нығайтуы тиіс»,-деді.
Иран Президенті Хасан Рухани Теһранда Түркияның Премьер-министрі Ахмад Давудоғлымен кездесіп, Теһран мен Анкараның көптеген діни-мәдени ортақтықтарға ие екенін айтып: «Екі елдегі діни ойдың негізі қатігездікті талап етуші кейбір елдерден мүлдем бөлек»,-деп баса айтты.
Иран Президенті барлық ұлттар үшін ортақ сын-қатер ретінде терроризммен күресу қажеттігін қуаттап: «Бөгде елдер аймақтағы қиындықтардың тамырын жоюды қаламайды, тек өздерінің мақсаттарын көздейді.
Екі елдің қарым-қатынасын дамыту үшін ешқандай кедергі жоқ. Бүгінде Теһран-Анкара қарым-қатынасын екі ұлттың мүддесіне сай одан ары кеңейту үшін жақсы жағдай қалыптасқан»,-деді.
Түркияның Премьер-министрі де Анкараның Теһранмен қарым-қатынаста жаңа тарауды ашуға шешім қабылдағанын айтып: «Бүгінде Түркия бұрынғыдан да көбірек ИИР-мен әртүрлі салалар бойынша бауырластық қатынас пен әріптестікті аттыруға ниет етіп отыр»,-деді.