Аятолла Һашеми Рафсанджани үшін Палестина мәселесі маңызды болды
(last modified Wed, 11 Jan 2017 14:32:47 GMT )
Қаң 11, 2017 20:32 Asia/Almaty
  • Аятолла Һашеми Рафсанджани үшін Палестина мәселесі маңызды болды

Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Теһрандағы өкілі: «Марқұм аятолла Һашеми Рафсанджани жылдар бойы Палестина мәселесі үшін күресті» деді.

Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Теһрандағы өкілі Насер Әбушариф сәрсенбі күні аятолла Һашеми Рафсанджаниге Құран қатым түсіру рәсімі аясында имам Хомейни атындағы хосейниеде «Alalam» хабар арнасына берген сұхбатында аятолла Һашеми Рафсанджанидың өмірінің соңғы мезеттеріне дейін Палестина мәселесіне мән беріп, Палестина мәселесі үшін күрескенін айтты.

Осы рәсімге қатысқан Ирак Сыртқы істер министрі Ибраһим әл-Жафари де аятолла Һашеми Рафсанджанидың өз өмірін Иранның ілгерілеуі мен ислам революциясының тіректерін нығайту жолына арнағанын, сол себепті оның есімінің Иран мен әлемнің қазіргі заманғы тарихында, ал қажымас қайратының Иран халқының жадында мәңгі қалатынын айтты.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджани жексенбі күні кешке жүрек талмасынан бақилық болды.

 

 

Тегтер