Әл-Жафари Түркия күштерінің Ирактан шығуын талап етті
(last modified Sat, 14 Jan 2017 16:35:14 GMT )
Қаң 14, 2017 22:35 Asia/Almaty
  • Әл-Жафари Түркия күштерінің Ирактан шығуын талап етті

Ирак Сыртқы істер министрі Түркия күштерінің Ирактың солтүстігінен шығуын тағы қуаттады.

Түркия 2015 жылдың аяқ шенінде Күрд Пишмарге күштерін үйрету және лаңкестерге тосқауыл қою желеуімен Нейнава облысының орталығы Мосулдың Башиқе базасына өзінің жүздеген әскери күшін заңсыз орналастырды. Ирак Сыртқы істер министрі Ибрахим әл-Жафари түрік басшыларының Ирактың солтүстігінен кері шегіну үшін бос уәделерін қайталап отырғанына сілтеме жасап: «Сөйлеу жеткіліксіз. Бағдад Анкараның іс жүзінде шара қолдануын күтіп отыр» деді. Ирак Сыртқы істер министрі сондай- ақ Нейнава облысының орталығы Мосулдегі ДАИШ- тің соңғы базасының жақын арада жойылатындығына сілтеме жасап: «Иракта қылмыс жасаған қылмыскер лаңкестер өз істерінің сазайын тартады» деді.

 

 

Тегтер