Қаң 21, 2017 20:19 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Джидда қаласында болған қарулы қақтығыста екі адам қаза болды

Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері мен осы елдің батысындағы Джидда қаласында қуғынға ұшыраған қарулы кісілер арасындағы қақтығыста екі қарулы адам қаза болды.

ИРНА-ның хабарлауынша, Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері бүгін сенбі күні таңертең Джидда қаласының әл- Харазат аймағында қарулы кісілердің бас сауғалап жүрген мекенін анықтап, қоршауға алған соң олармен шайқаста екі қарулы адам өздерінің жарылғыш белбеулерін жарып өлді. Қақтығыста бір қарулы адам құрықталды. Шабуылда Саудияның екі полиция қызметкері де жараланды.

2016 жылы шілде айында да белгісіз біреу Джидда қаласындағы АҚШ консулдығының маңында өзімен бірге жарылғыш заттарды жарып жіберген болатын.

 

 

 

Тегтер