Ердоған Еуропа елдеріне қарсы мәлімдеме жариялады
(last modified Mon, 27 Mar 2017 08:42:11 GMT )
Нау 27, 2017 14:42 Asia/Almaty
  • Ердоған Еуропа елдеріне қарсы мәлімдеме жариялады

Түркия президенті Еуропа елдері мен олардың басшыларына қарсы өткір мәлімдемесінде Түркияның халқының мұсылман болуын бұл елдің Еуропа одағына мүшелікке кіруіне келісім бермеудің негізгі себебі деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні Стамбул қаласында Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдумда оң дауыс жинау мақсатында өткізілген сайлау кампаниясының шеруі кезінде: "Түркияға айтылған сөздерге қарамастан, Еуропа одағының мүшелері өтірік айтып отыр. Олар крест одағын құруды көздеуде",- деді.

Сонымен қатар Ердоған сенбі күні Түркияның Еуропа одағына мүшелікке кіруді 14 жылдан бері тосып жүргенін хабарлап, жағдайдың осылайша жалғасуын қабылданбайтын мәселе деп атады.

Сонымен қатар Түркия президенті Стамбулда өткен сайлау кампаниясының басқа шеруі кезінде Түркия Конституциясына өзгерістер енгізуге байланысты референдум өткізудің себебін талқылауды сынға алып: "Референдумның сәтті өтетіндігіне ешқандай кепілдік жоқ. Біз тек 2023 жылға дейінгі мақсаттарымыз бен Түркия Республикасының құрылғанының 100 жылдық мерейтойына дейін бар күшімізді саламыз",- деді.