Исмаил Һание ХАМАС-тың саяси бюросының жаңа төрағасы болды
(last modified Sat, 06 May 2017 16:05:37 GMT )
Maм 06, 2017 22:05 Asia/Almaty
  • Исмаил Һание ХАМАС-тың саяси бюросының жаңа төрағасы болды

Исмаил Һание Палестина Исламдық Қарсыласу Қозғалысының (ХАМАС) саяси бюросының жаңа төрағасы болды.

Құдс ақпарат агенттігінің сенбі күнгі палестиналық дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, ХАМАС-тың жетекшілері жұма күні болған отырыста Исмаил Һаниені ХАМАС-тың саяси бюросының жаңа төрағасы болып сайлады.

Осы мәлімет бойынша, бұл шешім мамыр айының 15 күні ресми түрде жария болады.

Осыған дейін Палестина Исламдық Қарсыласу Қозғалысы (ХАМАС) бүгін сенбі күні осы қозғалыстың басшыларын сайлау үшін қорытынды таңдау жасайды деп хабарланған болатын.

Осы мәлімет бойынша, сондай-ақ Халед Машал ХАМАС қозғалысының партиялық ішінәра сайлаулары бойынша осы қозғалыстың кеңес мәжілісінің төрағасы болып сайланады.

 

 

Тегтер