Эрдоған: Палестина мәселесі шешілмей, аймақта бейбітшілік орнату мүмкін емес
Түркия Президенті Эрдоған: «Палестина мәселесі әділ шешілмей, Таяу Шығыс аймағында тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылық орнату мүмкін емес»,- деген уәж айтты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Реджеп Тайып Эрдоған дүйсенбі күні Стамбулда Құдсты мұсылмандардың бірінші құбыласы, пайғамбарлардың қаласы, ғиззат кеңістігі және намысы деп атап: «Палестина мәселесін шешетін жол – 1967-ші жылғы шекараларға сай Палестина тәуелсіз үкіметінің құрылуы»,- деп, Палестина автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббастың дипломатиялық талпыныстарын қолдайтынын мәлімдеді. Палестиналықтардың көбі Аббасты Газа секторындағы дағдарыстар мен Палестина халқына қарсы қысымдарды күшейтуге тікелей қатысты деп санаған жағдайда Эрдоған осындай уәж айтып отыр.