Бахрейндіктер шейх Иса Қасемді бас бостандығынан айыру үкіміне наразылық білдірді
Maм 21, 2017 15:43 Asia/Almaty
«Әл-Минар» телеарнасының хабарлауы бойынша, Халифе әулеті режимі шейх Иса Қасемге бір жыл бас бостандығынан айыру және 100 мың динар айыппұл төлеу үкімін шығарды. Бахрейннің әртүрлі қалаларының халқы үстеріне кебін киіп, осы көрнекті дінбасыға қолдау көрсетіп, шеру өткізді.
Бұл үкім Бахрейн халқының осы ел үлемдерінің шақыруымен әртүрлі мешіттерде дінді қорғау және әд-Дераз ауданындағы үйі қоршауға алынған 44 аптадан кейін шейх Иса Қасемге қолдау көрсетуде тағы бір ерлік жасаған жағдайда оқылды.
Тегтер