Сионистік режим Сирияға тағы шабуыл жасады
(last modified Sat, 27 May 2017 08:49:21 GMT )
Maм 27, 2017 14:49 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Сирияға тағы шабуыл жасады

Сионистік режимнің ұшқышсыз ұшағының Сирияның оңтүстігінде орналасқан Кунейтра облысына жасаған шабуылы салдарынан үш әскери қаза болды.

Сириялық ақпарат көздерінің сенбі күні таңертең хабарлауы бойынша, сионистік режимнің ұшқышсыз ұшағы Кунейтра облысындағы сириялық әскерилердің бір тобын нысанаға алған.

Әскери күштер Абушабате-әл-Хамидия бағытындағы лаңкестердің соңынан еріп келе жатқан кезде сионистік режимнің ұшқышсыз ұшағының шабуылына тап болған.

Шабуыл Голлан жоталарынан жасалған. Әзірше шабуыл салдарынан тиген зардаптар мен адам шығыны туралы нақты мәлімет жарияланған жоқ.

Сионистік режимнің лаңкестерге қолдау көрсету мақсатында Сирия әскерінің әскерилері мен позицияларын нысанаға алуы алғашқы рет емес.

 

Тегтер