Мосул қаласының батысында Хашд аш-Шааби күштерінің әрекеттері аяқталды
Ирактың Хашд аш-Шааби күштерінің орынбасары бұл елдің солтүстігіндегі Мосул қаласының батысындағы әрекеттердің аяқталғанын хабарлады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ирактың Хашд аш-Шааби күштерінің орынбасары Абу Маһди әл-Мохандес сенбі күні таңертең халықтық ерікті күштерінің Мосул қаласының батысындағы әрекеттерінің аяқталғаны туралы жариялап: «Бұл күштер сол әрекеттегі өз мақсаттарына жетті»,- деді.
Әл-Мохандес халықтық ерікті күштерінің Нейнава облысының солтүстік-батысындағы Талафар қаласын босату операциясын бастауға дайын екендігіне тоқталып: «Хашд аш-Шааби күштері Мосулдың батысында 14 000 км² жерді босатып, 2000-нан астам ДАИШ тобының лаңкесін Нейнава облысының батысында өлтірді»,- деді.
Ирактың Хашд аш-Шааби күштерінің орынбасары сондай-ақ, Сирия мен Ирак шекарасының 50-60 километірінің босатылғанына тоқталып: «Ирактың Хашд аш-Шааби күштері Нейнава облысының батысынан әл-Анбар облысының солтүстігіне дейінгі шекараны толығымен өз бақылауына алу үшін әрекет етеді. Сөйтіп, ДАИШ лаңкестеріне Ирак пен Сирия шекараларының екі жағына жүріп-тұруға тыйым салмақ»,- деді.
Ирактың Хашд аш-Шааби күштері бұдан бұрын Нейнава облысындағы әл-Баадж қаласының оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы 19 ауыл мен тұрғын аймақтарды босатқаны туралы хабарлаған болатын.