Сирияға қарсы Израильдің шабуылы мен лаңкестердің қылмыстары жалғасуда
(last modified Mon, 26 Jun 2017 12:41:30 GMT )
Маусым 26, 2017 18:41 Asia/Almaty
  • Сирияға қарсы Израильдің шабуылы мен лаңкестердің қылмыстары жалғасуда

Хабарлар өткен айларда Сирияға қарсы сионистік режим шабуылдарының күшейгенін көрсетеді. Соңғы әрекеттерінің бірінде Израильдің әскери ұшақтары Сирия армиясының Қанитре облысындағы позициясын нысанаға алды.

Сенбі күнгі сириялық күштер мен Джебхат ан-Нусрат  лаңкестік тобының арасындағы ауыр қақтығыстардан кейін сионистік режимнің әскери ұшақтары лаңкестердің сәтсіздікке ұшырауының алдын алу мақсатында Сирия армиясының Голан жоталарының солтүстік аймағы мен Қанитередегі позицияларын нысанаға алды. Сионистік режимнің ақпарат құралдары бұл режим шабуылының мақсаттарын ақтау үшін бұл шабуыл Сирия жерінен басып алынған жерлерге минометтің бірнеше оғы атылғаннан кейін жасалды деп уәжденді.

Сионистік режимнің Сирия армиясының позицияларына қарсы соңғы шабуылдары лаңкестер де бұл аймақтағы өз қылмыстарын арттырған жағдайда орын алып отыр. Бұл аталмыш режимнің Сирияны билеп-төстеу мақсатын алға ілгерілету саласында лаңкестермен ынтымақтастық жасауын көрсетеді. Сириядағы өзгерістер бұл елдің шын мәнінде Батыс қолдап отырған Израиль мен лаңкестік топтардың әрекеттері мен шабуылдарының қатерімен бетпе-бет келуін, Израиль мен лаңкестердің Сирия мен аймақтағы өз талаптарын алға ілгерілету саласындағы сұрқия әріптестігін әшкереледі. Сирия жерінің,  яғни Голан жоталарының бір бөлігі сионистік режиммен  жауланып отырған жағдайда Сирия лаңкестердің бұл елде тынышсыздық орнату мақсатын көздеген  көптеген шабуылдарымен кезігуде. Бұл тақырып стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі аймақтағы қарсыласу қозғалысының негізгі шебі саналатын Сирияға қарсы кең ауқымды қастықтардың белгісі.

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтарында  исламдық ояну толқынының басталуымен Батыс пен кейбір араб үкіметтерінің, атап айтқанда Сауд Арабиясының бұл толқынды басу немесе бұрмалау қастандықтары көбейіп, Таяу Шығыс аймағы Батыс пен араб елдерінің азаматтығына ие лаңкестердің шабуылдарына кезікті. Батыстың бақылауындағы лаңкестік басқалардан гөрі Сирия халқын нысанаға алды. Сирияға қарсы қастық жасаушылар сириялықтарды дағдарысқа тіреп, өз мақсаттарын, атап айтқанда Сирияны бөлшектеу арқылы әлсіретіп, жаңа Таяу Шығыс жобасын іске асырып, сионистік режиміне аймақты толық билеп-төстеу үшін жағдай жасамақ.

Сондықтан, терроризм мен сионизм – Батыстың аймақтағы мүдделерін алға ілгерілету саласындағы екі құрал болып отыр. Осыған орай өткен жылдары сионистер Батыс мүдделерін алға ілгерілете алмағаннан кейін Батыс үкіметтері аймақ елдерін терроризммен шырмау жобасын іске асырып, аймақтағы қастықтарын арттыруда. Сөйтіп, олар сионистік режимге көмектесу арқылы өздерінің билеп-төстеу мақсатына жетпек.

Шамамен 70 жыл бойы АҚШ-ның қолдауына ие болып, палестиналықтардың жерлерін тартып алған сионистік режим өткен жылдары АҚШ-тың қолдауымен лаңкестік топтар арқылы Таяу Шығыс аймағын дағдарысқа тіреп, аймақ мемлекеттерін әлсіретіп, Палестина жерлерін басып алу мәселесін шетке шығармақ болды. Сондықтан, біз бүгінде лаңкестер мен сионистік режим ынтымақтастықтарының дамуы мен олардың Сирияда қылмыстарының күшейтуінің куәсі болып отырмыз. Бұл мәселе Сирия халқының жағдайын нашарлатты. Әрине, БҰҰ-ның лаңкестердің қылмыстары мен сионистік режимнің басқыншылығына үнсіздік танытуы  Сирияның сионистік шапқыншы режим мен лаңкестік топтардың әрекеттерінің сахнасына айналуына себеп болды.