Иран Иракқа елді қайта қалпына келтіру үшін көмектеседі
Шіл 05, 2017 00:36 Asia/Almaty
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Ирактың Исламдық жоғарғы кеңесінің төрағасы Аммар Хакиммен кездесуінде Иранның Иракты дағдарысты жағдайдан шығарып, қалпына келтіруде көмектесетінін қуаттады.
Әли Лариджани дүйсенбі күні Теһранда Аммар Хакиммен кездесуінде Ирактағы бірлік пен біртұтастықты сақтауды қуаттап: "Ел бөлінбеуі керек. Себебі, бұл тек сионистер үшін ғана пайдалы болмақ" деді.
Ирактың исламдық жоғарғы кеңесінің төрағасы Аммар Хаким де кездесуде: " Мосул ДАИШ лаңкестік тобының басқыншылығынан азат етілгеннен кейін Иракта өзгеше жағдай орнады. Осындай жағдайда жоспарлар құрылуы қажет. Иран осы аяда көп көмек көрсете алады" деді.
Тегтер