Ирактың Мосул қаласының көне бөлігі азат етілді
Шіл 08, 2017 22:18 Asia/Almaty
Ирактың Мосул қаласының көне бөлігі ДАИШ лаңкестерінен азат етілді. Қазір бұл қалада толық тыныштық орнатылды. Мосулдың көне бөліміндегі ДАИШ лаңкестерінің қалғандары Тигр өзеніне қарай қашты.
Ирак Премьер-министрі Хайдер ал-Абади Мосул қаласының толық азат етілгені туралы хабарлауы керек. Ирактың орталық полициясының қолбасшысы Мосулдың көне бөлімін азат ету әскери әрекетінің аяқталуымен барлық күштерін құттықтады. «Әл-Майадин» телеарнасы өз бағдарламаларын тоқтатып, Мосулдың азат етілген әнін таратты. 2014 жылдан бері Мосул ДАИШ лаңкестерінің қол астында болды.
Тегтер