Еуропа одағы Ыстамбұлдағы адам құқығы белсенділерін құрықтауға алаңдаушылық білдірді
(last modified Sun, 09 Jul 2017 17:00:10 GMT )
Шіл 09, 2017 23:00 Asia/Almaty
  • Еуропа одағы Ыстамбұлдағы адам құқығы белсенділерін құрықтауға алаңдаушылық білдірді

Еуропа одағы Ыстамбұлда адам құқығы белсенділерін құрықтауға қатысты алаңдаушылық білдірді.

Түркияда шығатын "Джумһурият" газетінің интернет торабының мәліметі бойынша, Еуропа комитеті мәлімдеме жариялап, Түркия үкіметінің адам құқығы мен негізгі азаттықтарды сақтау саласындағы принципті мәселелерді шешу жолында  шынайы қадамдар жасауы керектігін мәлімдеді. Сол мәлімдемеде Түркияның Еуропа кеңесіне мүшелігіне сілтеме жасалып, Түркияның Еуропа одағының адам құқығы саласындағы критерийлеріне табанды болу қажеттігі қуатталды. Құрықталғандар Ыстамбұл полициясының лаңкестікпен күрес кеңсесінде тергелуде. 

Түркия президенті сенбі күні Гамбургте сөйлегенсөзінде: "Маусымның бесі күні Ыстамбұлдың Биук Ада аралында құрықталған адамдар 2016 жылдың маусым айының он бесі күнгі сәтсіз төңкерістің жалғасындағы отырысқа қатысу үшін жиналған болатын" деп мәлімдеді.

Түркия 2016 жылдың маусым айының 15 күнгі сәтсіз төңкерістен бері осы елдің басшылары мен ұйымдарын кең ауқымды түрде басып-жаныштау үдерісін бастап, шамамен 50 000 адамды құрықтап, 100 000-нан астам адамды мемлекеттік қызметтен босатты. 

Тегтер