Сирия: Дамаскта химиялық қару жоқ
(last modified Wed, 19 Jul 2017 09:07:08 GMT )
Шіл 19, 2017 15:07 Asia/Almaty
  • Сирия: Дамаскта химиялық қару жоқ

Сирия СІМ Дамасктың ешқандай химиялық қаруға ие емес екенін және оны ешқашан қолданбағанын қуаттап, Еуропаның Сирияға қарсы жаңа санкцияларының Батыстың лаңкестерге тікелей қолдау көрсетуі аясында жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Еуропа кеңесі дүйсенбі күні Сирияның 16 басшысы мен ғалымын осы елде химиялық қаруларды дамыту мен қолдануға атсалысты деген уәжбен Дамаскқа қарсы санкциялар тізіміне енгізді.

Сирия СІМ сейсенбі күні кешке бір мәлімдемеде: «Еуропаның жаңа санкциялары Хан-Шейхун оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары аяқталмаған жағдайда қабылданып отыр. Бұл еуропалық басшылардың Сириядағы лаңкестік топтардың қылмыстарын қолдауға және қоғамдық пікірді бұрмалауға ниеттеніп отырғанын көрсетеді»,-деп еске салды.

4 сәуірде Сирияның Идлиб облысының солтүстігіндегі Хан-Шейхун ауданында болған күмәнді химиялық шабуылда жүзден астам адам қаза тауып, 400-ге жуық адам жараланды.