Сауд Арабиясының королі өз ұлының мүддесі үшін тақтан кетуі ықтимал
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29136
Reuters сәрсенбі күні Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдул-Азиз Аль Саудтың өз ұлы Мұхаммад бен Салманның мүддесі үшін қыркүйек айында тақтан кету ықтималдығын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 20, 2017 20:26 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының королі өз ұлының мүддесі үшін тақтан кетуі ықтимал

Reuters сәрсенбі күні Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдул-Азиз Аль Саудтың өз ұлы Мұхаммад бен Салманның мүддесі үшін қыркүйек айында тақтан кету ықтималдығын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бір саудиялық дереккөзі Сауд Арабиясы королінің аппаратындағы бір куәгерге сілтеме жасап: «Малек Салман осы айда бір мәлімдемеде биліктің ұлына берілетінін жариялады»,-деді.

Сауд Арабиясының королі өткен 21 маусымда бұйрық шығарып, тақ мұрагері Мұхаммад бен Наифты орнынан алып, өз ұлы Мұхаммад бен Салманды жаңа тақ мұрагері және өзінің орынбасары ретінде тағайындады.

Мұхаммад бен Салман өз әкесі Сауд Арабиясының бұрынғы королі Малек Абдулланың өсиетіне керісінше алдымен сол кездегі тақ мұрагері Мукран бен Абдул-Азизді лауазымынан босатып, артынан Мұхаммад бен Наифты орнынан алып, өзі ұлын билікке жету жолына қойған жағдайда жаңа тақ мұрагері болып таныстырылды.

Өзіне жасалған қысымнан Мұхаммад бен Салманның мүддесіне орай тақ мұрагері болудан бас тартуға мәжбүр болған Мұхаммад бен Наиф қазір үй қамауына алынған.