Сыртқы саясат – Бен Салманның өз орнын бекіту құралы
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29516
Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад Бен Салман елдің билік құрылымында өз орнын бекіту мақсатында сыртқы саясатқа ерекше назар аударатынын көрсетті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 02, 2017 15:47 Asia/Almaty
  • Сыртқы саясат – Бен Салманның өз орнын бекіту құралы

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад Бен Салман елдің билік құрылымында өз орнын бекіту мақсатында сыртқы саясатқа ерекше назар аударатынын көрсетті.

Сауд Арабиясының королі Салман Бен Абдулазиз шілденің жиырма төрті күні Мароккоға аттанды. Ол жоқ кезде оның ұлы мемлекеттік билік тізгінін қолына алды. Бен Салман өткен аптаның ішінде екі шетелдік тұлғамен кездесіп үлгерді. Бен Салман шілденің отызы күні Арабстанда Ирактың Садр қозғалысының басшысы Моқтада Садрмен кездесіп, сұхбаттасты. Ал шілденің отыз бірі күні Алжирдің Сыртқы істер министрі Абдулқадер Мессахельмен Джидда қаласында кездесті.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері алғаш рет өз әкесінің орнын басып, Арабстанның тақ мұрагері ретінде Моқтада Садр және Алжир Сыртқы істер министрімен кездескенімен, Бен Салман 2015 жылы қаңтар айында Арабстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалғаннан бері елдің сыртқы саясатына ерекше назар аударып келеді. Шын мәнінде, бәсекелестері мен сыншылар жастық мен тәжірибесіздікті оның билік басына келуіне тосқауыл болатын екі негізгі кедергі деп айтқан. Бірақ, Мұхаммад бен Салман өз қабілетін көрсету, елдің ішінде және аймқата өз орнын бекіту, сондай-ақ әлемдік деңгейде танымал болуы үшін сыртқы саясатты пайдаланды. Жас Бен Салман өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін Сауд Арабиясының сыртқы саясатын қорғаныстық бағыттан шабуылдаушы бағытқа бұрды.

Atlantic газетінің осы мәселені талдаған мақаласында: "Бен Салман Сауд Арабиясының Таяу Шығыстағы сыртқы саясатын шабуылдаушы бағытқа бұрды. 2015 жылы әкесі билік басына келгеннен кейін Бен Салман Сауд Арабиясы саясатының артында тұрған күш ретінде танылды. Ол  Арабстанды Йеменмен соғысуға айдап салды. Сондай-ақ, жуырдағы Катарды оқшаулау саясатына да өзі жетекшілік еткен. Қазір АҚШ президенті Дональд Трамп жас тақ мұрагерімен жақсы қарым-қатынаста. Бен Салман Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен достық қатынаста",- деп жазды.

Мұхаммад бен Салманның лоббилері АҚШ президенті мен оның туыстарымен бірге Бен Салманның Мұхаммад бен Наифтың орнына Сауд Арабиясының тақ мұрагері етіп тағайындалуында елеулі рөл атқарған маңызды факторлардың бірі екені айдан анық. Дәл қазір бен Салманның шетелдік лауазымды тұлғалармен кездесулері мен оның шетел мемлекеттеріне жасаған сапарлары туралы нақты мәліметтің болмауына қарамастан, ол өзін Сауд Арабиясының билік құрылымында негізгі шешім қабылдаушы ретінде көрсету үшін бұл кездесулерді өз мүддесін сай пайдалануда.

Бүгінде Мұхаммад бен Салман әкесі жоқ кезде Джидда қаласында шетелдік делегациялармен кездесулер өткізу арқылы өзін Сауд Арабиясының королі ретінде көріп отыр. Сонымен қатар, ол Арабстанда билік етуінің аймақ елдерінің мүдделеріне сай екенін, өйткені, Сауд Арабиясының басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын жақсартуға себеп болатынын көрсетуге талпыныс жасауда. Осыған байланысты Моқтада Садрдың ақпарат хатшысы Салаһ әл-Абиди Al Arabia телеарнасына берген сұхбатында: "Мұхаммад бен Салман Моқтада Садрмен кездесуі кезінде Сауд Арабиясының бұрынғы үкіметінің жібергенін қателіктерін мойындады. Екі тарап осы қателіктердің орнын толтыру және Бағдад пен Риядтың қатынастарды жақсарту мақсатында қадам басу қажеттігін қуаттады. Сонымен қатар Садр мен бен Салман жылы сөйлеп, жұмсақ тілді пайдалану арқылы тайпалық жікшілдік ұстанымдар мен сөздерден арылу керектігі туралы келісті",-деді.

Сауд Арабиясының бұрынғы үкіметтерінің Ирак секілді мемлекеттермен қарым-қатынасындағы қателіктерін мойындау дұрыс болғанымен, саудиялық тақ мұрагерінің бұл сөздері Арабстанның соңғы екі жыл ішінде ішкі және сыртқы саясаттағы бөлінушілік және тайпалық жікшілдік көзқарасының осы елдің бұрынғы үкіметтермен салыстырғанда ақырындап күшейген жағдайда айтылып отыр. Осыған байланысты Сауд Арабиясы үкіметінің жуырда Арабстан шиіттерін елдің шығыс аймақтарынан күштеп көшіру саясатын жүзеге асырған жікшілдік әрекеттеріне сілтеме жасауға болады.