Сауд Арабиясының шығысындағы әл-Авамиеде шиіттер басып-жаншылды
(last modified Thu, 17 Aug 2017 02:06:50 GMT )
Там 17, 2017 08:06 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының шығысындағы әл-Авамиеде шиіттер басып-жаншылды

Сауд Арабиясының шығысындағы мұнай шығатын аймақта орналасқан Әл-Авамие үш ай өтсе де, әлемдік қоғамдық пікірдің көзінен тасада қалып, әлі күнге дейін Сауд әулеті әскерилері шабуылының куәсі болып отыр.

ИСНА ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауынша, Сауд Арабиясы әскери күштерінің әл-Авамие аймағына жасаған шабуылы салдарынан бір ауданның толығымен қирағанын көрсететін спутниктік сурет әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Саудиялық әскерилер шабуылының нысанасы әл-Авамиенің ортасында орналасқан әл-Масуре тарихи ауданы болғанға ұқсайды. Осы уақытқа дейін бұл шабуылдан кемінде 15 тұрғын қаза тапты.

Бұл оқиғаның куәлері Арабстан армиясының әл-Авамиедегі бейбіт тұрғындар мен шиіттерді басып-жаншу үшін ауыр қару-жарақ түрлерін,  соның ішінде сауытты көліктерді пайдаланғанын көрсетеді.

Әлеуметтік желілердегі суреттерде көрсетілгендей, шиіттерді мәжбүрлеп көшіру – қатігез қақтығыстардың себептерінің бірі және эр-Риядттың 400 жылдық тарихы бар Авамиені  қиратуды көздеген жоспары.

Саудиялықтардың бір сауда орталығын салу сылтауымен Әл-Авамиедегі тарихи орынды бұзуы өздерінің тарихи мұрасының жойылуына алаңдаулы аудан тұрғындары тарапынан қарсылыққа ұшырады.