Франция Сыртқы істер министрі: Башар Асад жайында Сирия халқы шешім қабылдайды
Франция Сыртқы істер министрі: "Францияның Сириядағы басты бағдары – лаңкестікпен күресу. Франция Сирияның Президенті Башар Асадтың саяси болашағы жайында ешқандай алғышарт қоймайды",-деп қуаттады.
Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Бағдадта Ирактың Сыртқы істер министрі Ибрахим Джафаримен өткен ортақ баспасөз отырысында: "Париж Башар Асадтың болашағы жайлы сириялықтардың өздері қабылдаған шешімді қолдайды. Францияның Ирактағы басты бағдары – ДАИШ лаңкестік тобымен күресу. ДАИШ-пен шайқаста Ирак қарулы күштері жеңіске жетіп жатқанымен, бұл топпен күрес әлі жалғасуда.
Ирак қазір соғыс пен бейбіт кезеңді басынан өткеріп отыр. Дегенмен өз қарулы күштерінің талпынысымен бұл жағдайдан да өтеді",-деді.
Осы баспасөз отырысына қатысқан Францияның Қорғаныс министрі Флоранс Парли (Florence Parly): "Францияның Сириядағы құзыры лаңкестікпен күрес аясында жүзеге асырылуда. Париж Сириядағы текетіресі аз аймақтарды кеңейту және атысты тоқтату бітімін сақтауға көмектесетін кез келген әрекетті қолдайды",-деді.