Ливандық ұрланған әскерилердің мәйіттері табылды
(last modified Mon, 28 Aug 2017 10:12:10 GMT )
Там 28, 2017 16:12 Asia/Almaty
  • Ливандық ұрланған әскерилердің мәйіттері табылды

Ливан Әскері осы елде ДАИШ лаңкестік тобы ұрлаған сегіз әскеридің мәйіттерін Ливанның солтүстігінде орналасқан Арсал аймағында тапқаны туралы хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ливан Әскері жексенбі күні мәлімдеме жариялап: "Вади әд-Дибтегі ұрланған әскерилердің мәйіттері ДНҚ анализін жасау үшін осы елдің астанасы Бейрутке жөнелтілді",- деді.

Ливан мен Сирияның әскерлері мен Хезболла екі елдің ортақ шекарасында орналасқан ДАИШ-тың көзін жою үшін лаңкестікпен күрес әскери амалдарын бастады.

ДАИШ лаңкестік тобы кеше таңертең Ливан әскері жасаған қоршау шеңберінің тарылғанына байланысты атысты тоқтату бітімін қабылдап, қарсыласу күштеріне берілді. Сол келісімге сәйкес, ДАИШ лаңкестері ұрланған әскерилердің тағдыры шешілгеннен кейін Сирияның шығысында орналасқан Дейр аз-Зур облысындағы Абукама қаласына ауыстырылады.

Al Mayadeen телеарнасының мәліметі бойынша, лаңкестерді бүгін дүйсенбі күні Сирияға жөнелту мүмкіндігі жоғары.