Иран Президенті мен Қатар Әмірі телефон арқылы сөйлесті
ИИР Президенті Қатар Әмірімен телефон арқылы сұхбатта Теһранның Қатармен қарым-қатынасты бұрынғыдан арттыруға дайын екенін қуаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани Қатар Әмірі Шейх Тамим бен Мұхаммад әл-Санимен телефон арқылы сұхбатта оны Құрбан айт мейрамымен құттықтап: «Иран кейбір араб мемлекеттерінің Қатарға қарсы эконмикалық және саяси санкция салуын надандық әрі аймақ елдерімен арадағы қайшылықтардың артуына себеп санап, Қатар халқы және үкіметімен ынтымақтастық жасап, аймақта тұрақтылық орнату үшін бар күшін салады»,- деді.
Иран Президенті Теһран мен Доханың аймақтық кеңесулері мен ортақ мүдделері жолында қарым-қатынастарды бұрынғыдан арттыру қажеттігін қуаттады.
Қатар Әмірі Шейх Тамим бен Мұхаммад әл-Сани де Иран үкіметі мен халқын Құрбан айтпен құттықтап: «Доха Иранмен барлық салалардағы қарым-қатынасты бұрынғыдан көбірек нығайтып, ілгерілетуге мүдделі. Мұндай қарым-қатынастар екі ел мен аймақ халықтарының мүддесін көздейді»,- деді.