Эрдоған Ыстамбұлда ирандық азаматтың қаза табуына байланысты Руханиге көңіл айтты
(last modified Mon, 21 Mar 2016 11:02:55 GMT )
Нау 21, 2016 17:02 Asia/Almaty
  • Эрдоған Ыстамбұлда ирандық азаматтың қаза табуына байланысты Руханиге көңіл айтты

Реджеп Тайып Эрдоған Хасан Руханиге жолдаған хатында Ыстамбұлда орын алған лаңкестік жарылыста бір ирандық азаматтың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

«Anadolu Ajansı»-дің мәліметі бойынша, Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған жексенбі күні Иран Президенті Хасан Руханиге жолдаған хатында: «Ыстамбұлдағы жарылыс бейкүнәларды нысанаға алатын лаңкестіктің тамырын жою үшін әлемдік қауымдастықтың ынтымақтастығы мен бірлігін қажет екенін көрсетті»,- деді.

Сенбі күні Ыстамбұлдың Тәуелсіздік көшесінде орын алған лаңкестік әрекеттің салдарынан 5 адам қаза болып, 36 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің 24-ін шетелдік туристер құрап отыр. Жарылыста бір ирандық азамат қаза болып, үш ирандық жарақат алды.