Фейсал әл-Меқдад: Америка ДАИШ-ты қолдайды
Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары: «ДАИШ лаңкестік тобы Вашингтонның қолдауымен Сирияның қалаларын басып алды. АҚШ – Сирияның дұшпаны»,- деді.
Фейсал әл-Меқдад жексенбі күні Ливанның «әл-Майадин» арнасына берген сұхбатта: «Америкалықтар лаңкестерді қолдап, Сирияның инфрақұрылымдарын қиратты.
Америкалықтар Сириядан өз аяқтарымен шыққандары жөн. Әйтпесе, Дамаск оларға қарсы басқыншы дұшпандарға қарсы әрекет жасағандай шара қолданады»,- деп баса айтты. Фейсал Меқдад Дейр эз-Зор қақтығысына тоқталып: «АҚШ-ның қолдауы ДАИШ лаңкестерінің Дейр эз-Зорға жетуіне себеп болды»,- деді.
Фейсал әл-Меқдад ИИР мен Ливанның Хизболласы мен Ресейге Сирияның лаңкестерге қарсы күресте қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.