Қыр 16, 2017 14:41 Asia/Almaty
  • Америкалық коалицияның Дейр эз-Зордағы бір қосынға шабуылы салдарынан 100 сириялық қаза тапты

ДАИШ-ке қарсы америкалық коалицияның Сирияның шығысында орналасқан Дейр эз-Зордағы бір қосынға жасаған әуе шабуылы салдарынан 100 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, америкалық коалицияның Дейр эз-Зор облысындағы бір сириялық қосынға әуе шабуылы салдарынан 100-ге жуық  бейбіт тұрғын қаза тапты.

Бұдан бұрын америкалық коалицияның Ракка мен Дейр эз-Зор қалаларына жасаған шабуылдары барысында да көптеген сириялық бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын.

Мұның алдында Сирия Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Бас хатшысына хат жолдап, ДАИШ-ке қарсы америкалық коалицияның осы елдегі амалдарын тоқтатуды сұрады. 

Дейр эз-Зор қаласы үш жыл ДАИШ-тың қоршауында болғаннан кейін 2017 жылдың 5 қыркүйегінде Сирия армиясының амалдары барысында және Ресейдің әуеден қолдауының арқасында азат етілді. 

Мұнымен бір мезгілде Сирияның майдандық үгіт-насихат штабы: «Сирия армиясы мен оның одақтастары лаңкестермен күрестегі ілгерілеушіліктерін жалғастырып, Дейр эз-Зор қаласының солтүстік-батысындағы Айяш ауданын ДАИШ-тың қолынан азат етті»,-деп хабарлады.

 

Тегтер