Асад: Дамасктың достары Сирияны қалпына келтіру жұмыстарына да атсалысады
Сирия президенті Сирия халқының жанында лаңкестікпен күресіп жатқан елдердің Сирияны қайта қалпына келтіру жұмыстарына да атсалысатынын қуаттады.
Сирия президенті Башар Асад Ресейдің экономика саласының басшылары мен сол елдің ірі компанияларының директорлары мен өкілдерінен құралған делегациямен Дамскте кездесуінде Сирия армиясының жетістіктерін Дамасктың достарының көмектерінің нәтижесі деп атап: «Осы жетістіктердің нәтижесінде орнатылған қауіпсіздік Сирия экономикасының қайта жандануы үшін жағдай жасайды. Қауіпсіздік Сириядағы экономикалық өзгерістер мен елді қалпына келтіру үдерісін бастау үшін негіз болады» деді.
Ресей үкіметі тарапынан Сирияға келген экономикалық делегацияның басшылығы Ресейдің Энергетика министрінің орынбасары Кирилл Молодцовқа жүктелген.