Иран мен Сирияның Қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесті
(last modified Sun, 05 Nov 2017 14:45:30 GMT )
Қар 05, 2017 20:45 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирияның Қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесті

Иран мен Сирияның Қорғаныс министрлері телефон арқылы аймақ пен әлемнің соңғы өзгерістері туралы сөйлесіп, лаңкестерді жою саласындағы ынтымақтастықтарды арттыру қажеттігін қуаттады.

Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами жексенбі күні Сирияның Қорғаныс министрімен телефон арқылы сұхбатында соңғы жеңістерімен, әсіресе Дейр эз-Зорды азат етуімен Сирия үкіметі мен халқын құттықтап: "Сирия қарулы күштері мен халқының лаңкестік топтарға қарсылық көрсетіп, табандылық білдіруі мадақтауға лайық. Бұл іс халықтың өз болмысын заңды түрде қорғаған тарихта тіркелуі керек",- деді.

Иранның Қорғаныс министрі Сирия армиясының лаңкестерді сәтсіздікке ұшыратуды жалғастырып, еліне толық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайтаруатындығына үміт білдіріп: "Иран осы уақытқа дейін сириялық бауырларын қолдап келгендей соғыстан кейін де сириялық бауырларының қасынан табылатын болады",- деп қуаттады.

Сирияның Қорғаныс министрі Джасем әл-Фаридж ИИР-ның лаңкестік-сионистік топтардың қастықтары мен дұшпандықтарын залалсыздандыруға қолдау көрсетуіне алғыс айтып: "Иран қайшылықтарға толы осы кезеңде Сирия өзінің заңды егемендігін қорғауы үшін біздің елдің халқы мен үкіметінің қасында болды",- деді.

 

 

Тегтер