Сауд Арабиясы – аймақтағы қайшылықтар мен соғыстың ошағы
Саудиялық шапқыншы коалицияның Иранға қарсы айыптары АҚШ, Сауд Арабиясы және Израильдің аймақта соғыс бастап, дағдарыс тудыру мақсатындағы жаңа қастандықтарын әшкереледі.
Йеменге қарсы саудиялық коалиция сенбі күні Йемен армиясы Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға зымырандық шабуыл жасағаннан кейін бұл әскери қаруды Йеменге Иран жібергені туралы уәж айтты.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр Трамптың Иранға қарсы сөздерімен басталған сценарийді толықтыру мақсатындағы масқара уәжінде Иранды лаңкестікті қолдайды деп айыптап: "Риядтың Иранның дұшпандық әрекетіне қолайлы уақытта орынды түрде жауап қайтаратын құқығы бар",- деп қоқан-лоққы жасады.
Иранға қарсы осыған ұқсас уәждерді Бахрейн Сыртқы істер министрі Халед бен Ахмад әл-Халифе мен Біріккен Араб Әмірлігі үкіметінің сыртқы істер жөніндегі кеңесші министрі Анвар Қарқаш та айтты.
Бұл уәждерге Иран Сыртқы істер министрлігі қатаң реакция білдірді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми Сауд Арабиясына негізсіз айыптауларды қойып, Йеменнің жазықсыз әрі қорғансыз халқына қарсы шабуылдарды тоқтатып, йемендік топтар арасында келіссөздер жүргізіп, бұл елде бейбітшіліктің орнатылуына жағдай жасауға кеңес берді. Иранды айыптайтын уәждер Сауд Арабиясының тақ мұрагері әрі Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салман өткен мамыр айында әл-Арабие телеарнасына берген сұхбатында халықаралық ережелерге қайшы сөздерінде: "Тұрақсыздық пен соғысты Иранның шекараларына жеткізу керек",- деген жағдайда айтылуда.
Алайда бұл саяси ойынның келесі бетін "Иерусалим пост" газеті басқаша көрсетуде. Бұл сионистік газет Сауд Арабиясы мен сионистік режимнің құпия ынтымақтастықтарының біріне тоқталып: "Осыдан біраз уақыт бұрын Рияд Израильдің әуе шабуылына жол ашу үшін Иранның зымырандық қорғаныс жүйесінің жұмысын тоқтату саласында сынақ жүргізді",- деп жазды.
Мұндай арандатушы әрекеттер АҚШ-тың қолдауымен ұжымдық қауіпсіздіке қарсы қоқан-лоққыға айналды. Пентагон сейсенбі күні таңертең мәлімдеме жасап: "АҚШ Сауд Арабиясымен бірге Таяу Шығыстағы экстремизммен күресіп, бұл аймақтағы Иранның ықпалын залалсыздандыру үшін әскери салада ынтымақтастық жасайды",- деп қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттерегі парақшасында аймақ мәселелері туралы: " АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясына жасаған сапары Бахрейнді басып-жаншуға себеп болып, Катарда мәселе тудырды. Трамптың күйеу баласы әрі кеңесшісі Джаред Кушнер мен Ливан Премьер-министрі Саад Хариридің Сауд Арабиясы сапарлары Хариридің елден тысқары жерде таңданыс тудыратын әрекетте қызметтен кетуіне себеп болды. Бірақ, бұл мәселеге Иранды араласты деп айыптады",- деп жазды.
Қазір Риядтың тек екі жолы ғана бар: бірінші жолы – соңында Сауд Арабиясының жойылуына себеп болатын қазіргі жолды жалғастыру, екінші жолы – өткен кезеңнен сабақ алып, қате әрекеттерін өзгерту. Тек осындай жағдайда ғана Рияд аймақтағы сындарлы рөліне орала алады.