Эмиль Лахуд: Сауд Арабиясының Иранға шабуыл жасауға қауқары жетпейді
Ливанның бұрынғы президенті Сауд Арабиясының Иранға, Израильдің Ливан Хизболласына шабуыл жасайтын қауқары жоқ екендігін қуаттады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Эмиль Лахуд сейсенбі күні "Әл-Майадин" арнасына берген сұхбатында: "Егер Хизболла болмағанда, сионистік режим Ливанды баяғыда басып алған болар еді",- деді.
Ливанның бұрынғы президенті Саад Хариридің Премьер-министрліктен кететінін Сауд Арабиясында жариялауына реакция білдіріп: "Сауд Арабиясында болып жатқан оқиғалар Хариридің кететіндігін жариялауынан жоғары. Бұл жариялау саудиялық ханзадалар мен сол едің танымал азаматтарының қамауға алынуымен бір мезгілде орын алды",- деді.
Лахуд Саад Харири елге оралып, оның сөзін өз аузынан естіместен бұрын отставкаға кететінін қабылдауға болмайды деп санап, ливандықтардан сионистік режим көздеп отырған ішкі бүлікке қатысты абай болуды сұрады.