Сионистік режимнің әскері Сирияға зымырандық шабуыл жасады
(last modified Sat, 02 Dec 2017 08:53:23 GMT )
Жел 02, 2017 14:53 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің әскері Сирияға зымырандық шабуыл жасады

Al Alam телеранасы сионистік режим әскерінің Сирияның Дамаск облысының маңындағы позицияларға зымырандық шабуыл жасағаны туралы хабарлады.

Al Alam телеранасының мәліметі бойынша, сионистік режимнің әскері сенбі күні таңертең бірнеше зымыранмен Сирия әскерінің Дамаск облысындағы Сахнайа мен Кисуа аудандарының арасында орналасқан қару-жарақ базасын нысанаға алды.
Осы мәліметке сәйкес, сионистік режим әскері Сирия әскерінің Дамаск облысында орналасқан позицияларына зымырандық шабуылды Ливанның әуе кеңістігі арқылы жүзеге асырған.
Сирия әскерінің әуе шабуылына қарсы бөлімшесі шабуылдарға төтеп беріп, Израиль әскерінің бірнеше зымыранын құлатты.
Израиль әскерінің Дамаск облысына жасаған шабуылы материалдық шығын келтірді.
Соңғы рет сионистік режим қарашаның бірі күні Сирияның Хомс қаласына жақын орналасқан Хесея өнеркәсіптік қалашығындағы зауытты әуе шабуылының нысанасына алған болатын.
Сионистік режимнің әскері мұның алдында да лаңкестерге қолдау көрсету мақсатында бірнеше рет Сирия әскерінің позициялары мен инфрақұрылымдарын нысанаға алды.

 

 

Тегтер