Сейіт Хасан Насролла: Қарсыласу қозғалысы ДАИШ-тен кейін Израильге көз тігіп отыр
Ливан Хезболласының бас хатшысы қарсыласу өзегінің сионистік режиммен бетпе-бет келуге дайын екенін қуаттады.
«Al-Mayadeen» телеарнасының хабарлауы бойынша, Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла «Палестинаны азат ету» халықтық майданының делегациясымен кездесуінде: «Қарсыласу өзегінің Ирак пен Сирияда ДАИШ лаңкестік тобымен күресте жуырда қол жеткізген жетістіктерінен кейін енді Израильмен бетпе-бет келуге көңіл бөлетін кез жетті»,-деді.
Ливан Хезболласының бас хатшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың Құдсты Израильдің астанасы деп жариялаған шешімін жаңа «Бальфур» декларациясымен бірдей деп атап, палестиналықтардан осы жаңа қастандықты жеңіліске ұшырату үшін бірлікті сақтауға шақырды.
Абу Ахмад Фуад бастаған «Палестинаны азат ету» халықтық майданының делегациясы да кездесуде қарсыласу топтарының ортақ бағдарламасы аясында Израильге қарсы кез келген шараға атсалысуға дайын екенін мәлімдеді.