Исмаил Хание: АҚШ Палестина мәселесін күн тәртібінен шығаруды мақсат етуде
(last modified Wed, 27 Dec 2017 08:03:31 GMT )
Жел 27, 2017 14:03 Asia/Almaty
  • Исмаил Хание: АҚШ Палестина мәселесін күн тәртібінен шығаруды мақсат етуде

ХАМАС-тың саяси бюросының басшысы АҚШ үкіметінің ислам үмбетімен дұшпандығына байланысты Палестина мәселесін күн тәртібінен шығарып, аймақтың болмысы мен құрылымын өзгертуді мақсат ететінін ескертті.

Ливанның «Әл-Майадин» телеарнасының мәліметіне сәйкес, ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Хание сейсенбі күні қозғалыстың басшылары, Газа секторының шейхтері және танымал тұлғаларының отырысында: «АҚШ Президенті Дональд Трамптың Құдсты ресми түрде сионистік режимнің астанасы ретінде тану шешімі – Палестина халқы мен араб және ислам үмбетіне қарсы әшкере шабуыл. Өткен бірнеше күнгі израильдік басшылардың сөйлеген сөздері Палестина мәселесіне қарсы қастықты әшкереледі. Олар заңсыз сионистік режимнің болмысын көрсетіп, Иордан өзенінің батыс жағалауында 300 000 пәтерлік жаңа тұрғын үйлер салуды мақсат етіп отырғандарын айтты.  Иордан өзенінің батыс жағалауында жаңа тұрғын үйлер салу туралы «үлкен Құдс» жобасы мен сол жерге Израильдің заңдарын таңу АҚШ-тың Палестина мәселесін жою қастандығы бойынша іске асырылуда»,- деп қуаттады.